Өндіріс саласында еңбек етіп жүрген мамандар докторантурада білім ала алады
#qyzylordatv
Биылдан бастап еліміздегі өндіріс саласында еңбек етіп жүрген мамандар докторантурада білім ала алады. Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындары осы санаттағы 330 маманды қабылдаған.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Жаңа бастама өндірісте жинақталған тәжірибені ғылыми зерттеулермен ұштастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кәсіпорындардағы технологиялық және басқарушылық мәселелерді шешуге, өндіріс саласындағы инновацияларды дамытуға және білікті мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға сеп.
САЯСАТ НҰРБЕК – ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ
Бұл бағдарламаның ерекшелігі - біріншіден жеңілдетілген бағдарламалар. 3 жылдық бағдарлама, 4 жыл емес. Скопус мақалаларда жариялау талабы жоқ. Керісінше сол өндіріске байланысты жаңа инновациялық шешімдер енгізу, тіпті диссертацияны өндірістік шешіммен, өндірістік жобамен алмастыруға болады.