Негізгі Жаңалықтар Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады

#qyzylordatv 

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті. 2021 жылдан бері бұл көрсеткіш 5,6 жылға өссе, жалпы өлім-жітім 9,2 пайызға төмендеген.


Денсаулық сақтау министрлігі мұны аурудың алдын алу, ерте диагностика және медициналық көмектің қолжетімділігімен байланыстырады. Соңғы жеті жылда 1259 медициналық нысан салынып, 200-ден астам ауыл алғаш рет медициналық мекемеге қол жеткізді. Ал медицина саласын қаржыландыру 2019 жылғы 1 триллионнан биыл 3,4 триллион теңгеге дейін артқан. Бұл қаражат диагностика мен емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге, оның ішінде заманауи медициналық технологияларды енгізуге бағытталған.

Бөлісу