Негізгі Жаңалықтар Шиеліде заманауи спорт кешені бой көтерді

Шиеліде заманауи спорт кешені бой көтерді

#qyzylordatv 

Ауыл жастарына қолдау көрсету мақсатында Шиелі ауданында заманауи спорт кешені бой көтерді. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қолдауымен салынған нысан жақын арада ел игілігіне беріледі.


Бидайкөл ауылының тұрғындары үшін жаңа спорт кешенінің салынуы көптен күткен жаңалық десек те болады. Өйткені осы уақытқа дейін балалар мектептің спорт залында ғана жаттығу жасап келді. Ал енді ерік-жігерімді шыңдаймын, дүбірлі додаларда бақ сынаймын деген жастарға кеңінен қолдау көрсетілмек. Кешеннің ашылуын асыға күткен тұрғындардың қатарында 76 жастағы Орман Шопанов та бар. 


 ОРМАН ШОПАНОВ – БИДАЙКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Ауылда спорт кешенінің соғылып жатқанына өте қуаныштымын. Балалар құр далада ойнап жүргенше, спортқа келіп, бізден де атақты спортшылар шықсын дейміз. Ауылымыз көркейіп келе жатыр. Шиеліге жақынбыз. Барлық жағдай жасалып жатыр. Өзімнің 4 қызым, 5-6 немерем бар. Мектепте оқып жатыр, солардың ішінен біреуі спортшы болып шағыды деп тілеулеспін.


 Бұл бір ақсақалдың ғана емес, тұтас ауылдың ортақ қуанышы. Бүгінде Бидайкөлдегі халықтың тұрмыс сапасы жақсы. Тұрақты жұмыс көздері бар. Алда спорт кешенінің іске қосылуы осы игілікті істердің жалғасы болмақ.


 ӘДІЛХАН БЕКТЕГЕНОВ – БИДАЙКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Көптен көп рахметімізді айтамыз. Бұл жерде халық өте көп. Халықтың жағдайы жақсы. +Бірыңғай жұмыс жасап жатыр бәрі де. Мына құрылысты да биыл бітеді деп отыр.


Спорт кешені ірі кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігінің нәтижесінде бой көтеріп отыр. Ауыл тұрғындарының көбі «RU-6» уран өндіру нысанында жұмыс істейтіндіктен, жаңа нысан еңбек адамдары үшін көптен күткен сый болды.


СЕРІК БЕГМАНОВ – АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

РУ-6-те біздің ауылдың азаматтары көп жұмыс істейді. «Казатомпро»м мекемелеріне, ауыл, обылс әкімдеріне көптен көп рахмет. Ауылдан осындай спорт кешені соғылып, жас спортшылар шығуына көмектесіп жатқанына рахмет.Ішінде волейбол, баскетбол, футбол, күрес 6 спорт түрінен бар. 


Құрылыс басындағы қызу жұмыс кестеге сай жүргізілуде. Қыркүйек айында жұмысын бастаған мердігерлер қазір қорытынды кезеңге өтті. 


БАҚДӘУЛЕТ ЫСҚАҚОВ – «ИНТЕГРО СТРОЙ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Сентябрь айында басталды. Құдай аманшылық берсе, жылдың аяғына дейін бітіріп беруге тырысамыз. Осы елдімекеннің тұрғындары да қамтылған, негізгі кәсіби мамандар Қызылордадан келді. Құрылыс нысаны кірпішпен қаланды. Сырты заманауи металл панельмен қамтылады. Ішінде барлық құрал-саймандары қамтылған. Залдың өзі 3 түрлі спортқа арналған. Волейбол, баскетбол, мини футболға. Өзі автономный кательнймен, электр станциямен қамтылған.


Бүгінде құрылыс нысанындағы негізгі жұмыстар аяқталған. Мердігерлер енді әрлеу, сыртын қаптау, аумақты абаттандыру жұмыстарына кіріспек. Иә жақын арада бұл аумақ спортқа құштар ауыл жастарын бір мақсатқа жұмылдыратын маңызды орталыққа айналады.


Бөлісу