Мәслихат сайлауына дайындық барысы баяндалды
#qyzylordatv
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа 29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысы бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат берді.
Президент сайлауды «Заң мен Тәртіп» қағидатына сай өткізіп, барлық кандидат пен саяси партияға тең жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ депутаттық құрамның жаңаруы жергілікті өкілді органдардың жұмысын күшейтетініне назар аударды.