Негізгі Жаңалықтар Ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайызға дейін төмендеуі мүмкін

Ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайызға дейін төмендеуі мүмкін

#qyzylordatv 

Елімізде ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Отбасы» банкімен бірлесіп жобаны қарастырып жатыр.


 Үкіметте өткен брифингте министрлік өкілі жаңа ипотекалық тетіктердің қаржылық моделі әзірленіп жатқанын айтты. Ұсыныстарды 2027 жылы таныстыру жоспарланған. Алайда әзірге ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі, қарыз алушыларға қойылатын талаптар және өтінім қабылдау мерзімі белгісіз. Жаңа бағдарламаның іске қосылуы қосымша қаржыландыруға байланысты болмақ.

Бөлісу