Заңсыз кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
#qyzylordatv
Қызылордада заңсыз кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды. Жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды.
Полиция қызметкерлері таралған бейнежазбаны зерделеу нәтижесінде заңсыз кортежге қатысқан 8 жүргізушінің жеке басын анықтады. Тексеру барысында жүргізушілер қала көшелерінде қауіпті маневрлер жасап, өзге автокөлік иелеріне қауіп төндірген. Құқық бұзушылардың барлығы 20 мен 25 жас аралығындағы қала тұрғындары. Оларға жол қозғалысы талаптарын сақтамау дерегі бойынша әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар сот шешімімен 3 азаматқа ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.