Дебаттан оқушылар арасында турнир өтті
#qyzylordatv
Жанәбіл Нұрманов атындағы № 198 орта мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында дебат турнирі ұйымдастырылды. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шараға құзырлы орган өкілдері мен ата-аналар қатысты.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық қолсұғушылық, буллинг бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан мектеп ұжымы «Заң мен тәртіп. Жауапты ұрпақ» жобасын қолға алып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруды басты жолға қойып отыр. Ұйымдастырушылардың сөзінше мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойына адалдық, отансүйгіштік, кішіпейілділік сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастырып, заңға құрметпен қарауға үндейді.
ГҮЛЖАХАН ЗАРИПОВА, Ж.НҰРМАНОВ АТЫНДАҒЫ № 198 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ \Жобаның негізгі мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіп пен жеке жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу. Жобаның басты ұстанымы заңды білу- міндет, тәртіпті сақтау-жауапкершілік, ал заңға құрмет өркениетті қоғамның негізі.