Елжас Әбділда – тілші /Екі ғасырлық тарихы бар Сыр ордасының өткеніне көз тастасаңыз, тағылымды із сайрап жатыр. Құнттар құндылық тек тарих толқынында ғана емес, гүл жайнаған қаланың бүгінгі тіршілігімен де астасып кеткен. Сонымен біз бүгін облыс тарихындағы маңызы зор ғимараттардың бірқатарына тоқталмақпыз. Солардың бірі кезінде әскери комиссариаттың шақырту пункті болған мына ғимарат/

 Дарияның оң жағалауынан орын тепкен бұл нысанда бүгінде облыстық көркемсурет галереясы мен тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі орналасқан. Ал осы көне ғимараттың тарихына бір сәт көз тастап көрдіңіз бе?

ГЕО БЕЙНЕҚОР

Айталық, орыс әскерлері Ақмешітті басып алғаннан кейін, алдымен шекаралық шепті нығайту керек болды. Сол қатарда 1884 жылы салынған осы нысан да бар. Орынбор генерал губернаторының тікелей тапсырмасымен бой көтерген ғимараттың стратегиялық маңызы зор еді.

Ғалымжан Садықов – облыстық «Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» КММ бөлім меңгерушісі /03:03. Казарма ғимараты бұл әскери шепті бекітуде және қаланың негізгі рөлін айқындауда үлкен рөл атқарды. Қызылорда қаласында мұнан өзге де бірнеше нысандар бой көтерді. Күйдірілген қыштан салынған ерекше архитектуралық формада салынған ғимарат/

Екі қабатты ғимарат күйдірілген кірпіштермен салынған. Ерекшелігі сол, іргетасы да таспалы нығыздалған кірпіштен қаланғанымен бәз баяғы қалпында. Кеңестік кезеңде бұл ғимарат үлкен рөл атқарғанымен, бертінде бұзылып кету қауіпі болды. Бір жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де нысанның осы кезге дейін сынын бұзбай сақталуының сыры неде?

Ғалымжан Садықов – облыстық «Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» КММ бөлім меңгерушісі /Ерекше сақталуының негізгі сыры ғасыр басындағы ғимараттардың көпшілігіне тән Николай кірпіштермен салынуы. Ол күйдірілген кірпіштердің ішінде сапасы ең жоғарысы. Және де ызаны жақсы ұстайтын болғандықтан бұл ғимарат әлі күнге дейін жақсы сақталып келеді/

Қала тарихынан сыр шертетін келесі нысан – 1878 жылы бой көтерген «Айтбай» мешіті. Көк күмбезді құлшылық үйі тек бұрыннан келе жатқан көне нысанның бірі ғана емес, құпияға толы бай тарихымен де ерекшеленеді. Көне көз қариялардың айтуынша, мешітті Айтбай есімді қажы Әулиеата жерінен арнайы шеберлер алдырып салдырған. Сол заманның асқан сәулет үлгісінде бой көтерген құлшылық үйі күйдірілген қышпен өрнектелген. Тағы бір айта кетерлігі мешіт ортасындағы тіреуіштері қазіргіше темір, бетоннан емес ағаш бөренелерден жасалған.

Видеоряд: /Мешіт іші/

 Елжас Әбділда – тілші /Қала тарихында орны айрықша құлшылық ордасының және бір ерекшелігі мына намаз оқитын үлкен залдың астындағы құдық. Деректерге сүйенсек, кезінде бұл маңда жер асты жолы болған көрінеді. Ол жаугершілік заманда дарияның арғы бетімен байланыстыратын бірден-бір құпия жол ретінде пайдаланылған. Ал бертінде бұл құдық жаздың күндері желдеткіш қызметін де атқарыпты/

Құпиялы құдықтың сырына үңілмекке тұңғұйығына көз тастадық. Тереңінде су жылтылдайды. Ал мұнда жер асты жолы болса, су құдығының құпия нысанға не қатысы болған дейсіз ғой? Тарихи өлкетанушылардың дерегіне сүйенсек, жасырын жол құдықтың тереңінде тоғысады. Ал ол жол шіркеу мен әлгінде айтқан әскери казарманы байланыстырып отырған. Не десек те, мешіт төріндегі бұл нүктенің бүккен сыры көп.   

Нұрлан Оспанов – қалалық «Ақмешіт» музейінің ғылыми қызметкері

Облыс орталығындағы құлшылық үйі әлі күнге дейін көпшіліктің имани нәр алатын гүл ордасы. Қорыта айтқанда біз сөз еткен қос нысан шырайланған шаһарымызбен бірге жасасып келе жатқан қастерлі құндылық. Әлбетте жылдар жылжыған сайын сүйікті Сыр ордасында талай еңселі ғимараттар бой көтерер. Әйтсе де қала тарихының түпқазығына айналған нысандардың да бағасы арта түспек. Бұл уақыт заңы!

Елжас Әбділда