Қобыздағы «Қорқыт сарыны». Ұлы даланы сазға бөлеген бұл аспаптың шығу тарихы Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Бабадан балаға мирас болған ұлттық өнердің атасы Қорқыт алғаш қобызға тіл бітіріп, оның қыл ішегінен жаһандағы жаратылыс атаулының үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі. Дөңгелек үстелде сөз алған ғалымдар ұрпақ тәрбиелеуде Қорқыт мұрасының маңыздылығына тоқталды.
Бағдат Кәрібозов – Қорқыт ата атындағы ҚМУ жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ҒЗИ жетекшісі
Бүгінде Қорқыт күйлеріне қатысты деректер толық зерттеліп болған жоқ. Қос ғасырға жүк болған зерттеулер нәтижесінде бізге Қорқыттың 12 күйі жетсе, оның 11-і нотаға түсірілген. Бұл күйлердің басты ерекшелігі әрбір күйге қатысты аңыз сақталған. Терең мифтік сарынға құрылған шығармаларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, Қорқыт күйлерінің негізгі мирасқоры - Нышан Шәменұлы.
Ғабит Тұяқбаев – филология ғылымдарының кандидаты
Қорқыт мұраларының тәрбиелік, тағылымдық мәнін аша түскен ғалымдар әлі де зерттеуді қажет ететін тұстардың бар екенін жеткізді.
Асқар Тәжиев