Тілші: Мөлдір Айтбай 1991 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жастайынан жанына қағаз бен қаламды серік еткен ақын қыздың биыл шығармашылық жолда жүргеніне он жыл. Ең алғаш 2006 жылы облыстық «Абай оқулары» байқауында 1 орынды жеңіп алған ол осы кезден бастап поэзияның өмірлік жолдамасын алды. Осылайша жыр әлеміне қанат қаққан ақынның бүгінде тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. Кітаптың тұсауы Алматы қаласында Жазушылар Одағында кесілсе, одан соң Астанадағы Ұлттық кітапханада таныстырылымы өтті. Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйіне әдебиетші қауым мен оқырмандарын жиған Мөлдір Айтбай жүрекжарды туындысын жерлестеріне таныстырды.
Мұхтар Ниязов – ақын
Тілші: Мөлдір Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі. Білім ордасы қабырғасында жүріп жас ақындар үйірмесінде шыңдалды, түрлі деңгейдегі жыр мүшәйраларында оза шапты.
Тілші: Шығармашылық кеште Мөлдірдің сөзіне жазылған әндер шырқалды, жас ақындар арнауын оқыды. Сонымен бірге театр әртістерінің орындауында шығармашылық иесінің қара өлеңдері халыққа ұсынылды. Мөлдір тек жазба ақын емес, айтыскерлігімен де сахна төрінде танылған жан. Мазмұнды шараға еліміздің әр түкпірінен арнайы келген айтыскерлер әзіл айтыс жасап көпшіліктің көңілін көтерді.
Бибігүл Тілеболдинова – айтыскер ақын
Қазына Өзденбаева – анасы
Тілші: Жұртшылықты жыр кәусәрімен сусындатқан кеште Мөлдірге оқушылар тарапынан жолданған сауалдар да болды. Қазақтың біртуар перзенттері ақ батасын берген ақын қыздың жырлары сезім пернелерін дөп басатын нәзік иірімдерге толы. Ойы орамды ақынның туған жер, махаббат, ерлік пен елдік, табиғат, достық турасындағы туындылары оқырманнан оң бағасын алуда.
Мөлдір Айтбай – ақын
Асқар Тәжиев, Ақан Әлиев