Қызылордалық полицейлер республикалық додада жүлдегер атанды. Сайыс Қазақстан Тәжірибелік ату қауымдастығының ұйымдастыруымен 27–29 наурыз күндері Қонаев қаласында өтті.
«Open Kalashnikov» және «Semi-Auto Open» категориялары бойынша өткен бұл додада еліміздің әр өңірінен 137 қатысушы бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша облыстық полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың төрт қызметкері жеңімпаздар қатарынан табылды. Атап айтқанда, «Open Kalashnikov» категориясынан 1 орынды аға инспектор, полиция майоры Лаура Төлекова жеңіп алса, 2 орынды осы жасақтың инспекторы, полиция кіші лейтенанты Моншақ Қарлыбай иеленді.
Сондай-ақ «Semi-Auto Open» категориясынан 1 орынды жасақтың аға инспекторы, полиция подполковнигі Бахыткүл Самратова жеңіп алса, 2 орын жасақтың аға инспекторы, полиция подполковнигі Айдана Айтбаеваға бұйырды. Жерлестеріміздің бұл жетістігі олардың кәсіби шеберлігі мен жоғары дайындық деңгейін айқындайды.