Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жеке қабылдауында бір топ азаматтар болды. Жеке қабылдауға жазылған азаматтар әр түрлі мәселемен келді. Бірі баласына жұмыс керегін айтса, екінші бірі баспана, одан өзгесі көшені асфальттау, ауылдан қалаға көшуге жәрдем етуді талап етсе, несиені жабуға қаражат сұрағандар да болды. Шыны керек, жерлестерімізге қаржылық сауат жетіспей жатқаны да қынжылтады. Айтылған мәселелер заңға сәйкес реттілетіні түсіндірілді. Азаматтардың арасында алғыс айтқан, облыста жасалып жатқан жұмыстарға қуанғандар да болды. Мәселесі тыңдалып, алдағы уақытта шешімін табатынына разы болғандар да бар.