Қызылордада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өңір климатына төзімді 300-ден астам тал шыбықтары отырғызылды.
Белсенді жастардың бұл бастамасына қала әкімдігі мен еріктілер қолдау білдірді. Игі шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, тұрғындарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлық танытуға шақыру. Белсенділер жасыл желекті күнделікті баптап-суару жұмыстарына да жіті мән берілетінін айтады.