ТМД елдерінде жүрген қазақстандықтардан алимент өндіру жұмысы жеңілдейді. Сенат депутаттары аталған құжатты мақұлдады. Ратификацияланған конвенция аясында, еліміздің сот шешімі өзге елдерде тікелей іске асады.

Яғни, қағазбастылық азайып, жұмыс жүргізу жеңілдейді. Бүгінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Әзербайжан, Беларусь елдерінде жүргендердің алимент қарызы 47 млн теңгеден асады. Бұл шамамен 106 іс. Енді, борышкерден алимент, қай елде жүргеніне қарамастан, бірден өндіріледі. Құжат кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғауды көздейді.

Қазір Қазақстанның 17 елмен келісімі бар. Беларусь, Молдова, Грузия, Корея, Литва, Моңғолия, Пәкістан, Қытай, Вьетнам, Түрікменстан, Түркия,Үндістан, Біріккен Араб әмірліктері, Иран. Яғни, осы елдерде жүрген қазақстандық борышкерлерден алимент мәжбүрлі түрде өндіріледі.