Жол ережесін жиі бұзғандарға 50% жеңілдік берілмеуі тиіс. Сенат депутаты Марат Қожаев осындай ұсыныс білдірді.

Сонымен қатар, көп жол ережесін бұзу дерегі бар жүргізушілерді қайтадан емтихан тапсыруға міндеттеу керек деп санайды. Осылайша сенатор, ережені жүйелі түрде бұзатындарды қатаң жауапқа тарту керек деді. Ол бұл ұсынысын Үкіметке жеткізгенін, қазір пысықталып жатқанын айтты.