Көлік иелерінің назарына! Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Уақытында төлем жасамаған жағдайда берешекке өсімпұл қосылады. Сондықтан мемлекеттік кірістер органдары тұрғындарға салықты уақытылы төлеу керектігін ескертеді.

Қазіргі күні облыс бойынша көлік салығын төлемеген төрт мыңға жуық азамат бар. Олардың қарыз көлемі өсімпұлымен қоса есептегенде 500 млн.теңгені құрайды. Мемлекеттік кірістер департаменті қордаланған қарызды өндіру мақсатында полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Айта кету керек, азаматтар көлік салығының нақты сомасын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми порталында жеке кабинетке кіріп көре алады. Қосымша арқылы берешекті тексеріп қана қоймай, салықты онлайн төлеуге де мүмкіндік бар.