Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Наурыз мерекесі күндері атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Жауапты мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Мереке күндері өңірде барлық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеді. Брифинг барысында оның нақты нәтижелері айтылды. Алдымен медицина саласының көрсеткіштері таныстырылды. Жедел жәрдем қызметіне 6 мыңнан астам шақырту түсіп, науқастарға дер кезінде көмек көрсетілген.

ЖАҢЫЛ АБУБАКИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

"Шақыртулар саны 6551 шақырту болған жедел-жәрдем қызметіне жүгінгендер оның ішінде 1769 бала, шақыртулар санаты бойынша 62,7 пайызы бірінші, үшінші санаттағы шақыртулар болса 37,3 пайызы 4 санаттағы шақыртулар орындалған. Ауруханаға апарылған науқастардың саны 1782, оның 652сы балалар, жатқызылғандардың саны 788, оның 299-ы бала. Енді травмпункте жеткізілген науқастардың саны 255, қала бойынша 195 науқас, аудан бойынша 60 науқас қаралған. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларына да барған шақыртулар 19, оның ішінде қала көлемінде 5 шақырту болса, аудан орталықтарында 14 шақырту болған, зардап шеккендердің саны 25, оның ішінде ауруханаға жатқызылғандардың саны 8,тұрмыстық жағдайда да жарақат алған 226, оның ішінде 104-і бала.Оқыс жағдай орын алған жоқ."

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерлері де күшейтілген режимде жұмыс істеді.

НҰРКЕН БАҚТИЯРОВ, ОПД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Мереке барысында тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.Департаменттің жеке құрамымен жол қозғалысы қағидасын бұзудың 2100 дерегі анықталса, оның алкгольді масаң күйде көлік құралын басқарудың 11 қарсы бағытқа шығудың 5 дерегі анықталған. Сол күндері 108 көлік құралының қозғалысы шектеліп айып тұрақтарына жеткізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қоғамдық орындарда 1 қылмыс тіркеліп, сол уақытта ізі суытылмай ашылды. Полиция қызметкерлерімен заңсыз есірткінің 2 суық қарудың 4 дерегі анықталған."

Тұрғындардан келіп түскен өтініштер де бақылауда болды.

МҰХТАР САДЫБАЕВ, 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

"109 желісіне 2527 өтінім келіп түскен, оның 98,1 пайызы өтінімі толығымен орындалды және де сол мереке күндері келіп түскен өтініштердің ТОП-5-іне тоқтала кетсек: электрмен жабдықтау - 565, табиғи газ мәселесі – 247, су мәселесі- 196, қала тазалығы – 45 өтінім келіп тіркелді. Жедел әрекет ету орталығы алдағы уақытта да тұрғындармен тұрақты байланыста болып, қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды жалғастыратын болады."

Ал төтенше жағдайлар қызметі мереке күндері бірнеше рет жедел әрекет етіп, жағдайды тұрақты бақылауда ұстаған.

ДАНИЯР АЙТПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

"Қызылорда облысы тжд бөлімшелер күшейтілген кезекшілік уақытында 92 рет жедел шықты. Оның ішінде өртке – 14, ӨЖЖО – 67, АҚЖ – 2, басқада шығыстар – 9. Күшейтілген кезекшілік уақытында 14 ТЖ тіркелді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық объектілер штаттық режимде жұмыс істеуде."

Жалпы, мереке күндері қызметтердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздік толық қамтамасыз етіліп, жалпы ахуал тұрақты болды.