Тілші: Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болса да, оның құрамында калий, фосфор, темір және В, В12 витаминдері бес-алты есе көп. Мұндай пайдалы өнімді жиі тұтынған адамның түрлі ауруға қарсы тұрып, жүрек-қантамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсаратынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Сондай-ақ, бөдененің еті мен жұмыртқасы адам ағзасынан радиацияны шығарса, жұмыртқа құрамындағы лейцитин қандағы холестеринді төмендетеді. Ең алғаш үш жүз жұмыртқа сатып алып, инкубаторда басып шығарған Оразкүл Қадырова бүгінде бөдене өсірудің қыр-сырын меңгеріп алды.
Оразкүл Қадырова- Төретам кентінің тұрғыны
Тілші: Тауықтың балапаны 21 күннің ішінде жұмыртқаны жарып шықса, бөдене 17 күнде өмірге келеді. Кәсіп иесі бұл құстарға сәбидей күтім жасап, алғашқы бес күннің ішінде жұмыртқаның сары уызымен ірімшікті араластырып береді. Бұл бөдененің көзі жақсы көріп, тез жетіліп кетуіне сеп болады.
Оразкүл Қадырова- Төретам кентінің тұрғыны
Тілші: Бөдененің салмағы 500 грамм болса да, еті дәмді әрі бағалы. Кезінде хандар мен ақсүйектердің сүйікті тағамы болған. Сондықтан да шынашақтай ғана құс етіне деген сұраныс жоғары. Оразкүл Қадырова қазіргі таңда бөдененің еті мен жұмыртқасын сатып, бір отбасын асырап отыр.
Ә.Жолтаев, А.Меңдібаев