#qyzylordatv
Президентке Ұлттық банктің былтыр атқарған жұмысының есебі берілді. Жиында макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалды.
Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылды.