#qyzylordatv

 Үкімет отырысында Қызылорда облысында «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын құру туралы шешім қабылданды. Бұл бастама – өңір экономикасын әртараптандыруға, мұнай өндірісіне тәуелділікті төмендетуге және жаңа өндірістік бағыттарды қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам. Ол үшін Қызылорда қаласындағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалына іргелес 550 гектар аумақ белгіленген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ардақ ЗЕБЕШЕВ сұқбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

 АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

  Үкіметтен қолдау алып, арнайы қаулы шықты. Қорқыт ата» арнайы экономикалық аймақ ашылды. Бұл аймақтың негізгі мақсаты – инвестиция тарту, жаңа жұмыс орнын құру, технология тарту және өңірге деген өсім нүктелерін табу. Біздің арнайы экономикалық аймақтан күтетініміз қосымша 3000-ға жуық жаңа жұмыс орнын ашу, жаңа өндірістер әкелу, ашылмай жатып бірнеше жобаларды дайындаған болатынбыз. Сол жобаларды қалай тиімді орналастырумен айналысып жатырмыз. /

  Арнайы экономикалық аймақтың құрылымына авиацияға қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда, қоймалау және сақтау, сондай-ақ, өнеркәсіптік аймақтар кіреді. Белгіленген қағидаларға сәйкес, жүзеге асыратын 28 экономикалық қызмет түрінің тізбесі келісілген. Сондай-ақ бірқатар салықтық жеңілдіктер де қарастырылып отыр. Мәселен Арнайы экономикалық аймақта өндірілетін және экспортқа шығарылатын тауарларға, импорттық тауарларға қосымша құн салығы 0 пайыз, мүлік және жер салығы да нөлдік деңгейде болмақ.

 «Арнайы экономикалық аймақтың құрылуы – инвестиция тартуға, өндірістік қуатты арттыруға және өңірдің экспорттық әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады», деді облыс әкімінің орынбасары.

 АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Арнайы экономикалық аймақтың басым бағыттары жеңіл өнеркәсіпті дамыту, машина жасау саласын дамыту, химия өнеркәсібі және авиацияға арналған жүкті тасымалдау, қоймалау сияқты бағыттарды қамтитын болады. Ол жұмысты жүргізу үшін 550 гектар жерді белгілеп, қазір оның ішінде 3 субзона бөлінісі бар. 50 гектары қоймалау және авиацияға бағытталған, 100 гектары авиацияға қызмет ететін салалар және 400 гектары өндірістерге бағытталған.