#qyzylordatv
Қызылордалықтар мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы отан соғысының ардагері Ыдырыс Қалиевтың рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Тағылымды шара қайраткердің 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.
БАҚЫТЖАН ОМАРОВ – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // Қолына алған қай істің де берекесін келтіріп, беделін көтеретін ұтқыр ұйымдастырушы еді. Ол елдің бабын баптай білген, жоғын жоқтай білген, халықтың сенімі мен үмітін ақтай білген, қара халықты жақтай білген білікті басшы болды. Сондықтан да рухы биік, жаны да тәні де таза қазақтың нар тұлғалы азаматы атанып, тарихта қалды//
Ыдырыс Қалиев ескерткішінің алдында өткен іс-шараға арда азаматтың артында қалған ұрпақтары, аға буын өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Олар елдік жолда ерлік істерімен есте қалған қайраткерді бір минут үнсіздікпен еске алып, майдангер жайында естеліктерден сыр шертті.
СЕРІКЖАН ҚАЛИЕВ – Ы. ҚАЛИЕВТЫҢ ҰЛЫ // Әкеміздің жолы өзіне лайықты болды. Адал жұмысын халқымызға жасады. Соның бәрін ескеріп ескерткіш қойылды. Осындай шараны ұйымдастырып жатқандарына алғыс білдіремін. Халқымыздың арқасында осындай деңгейге жеткен әкеміздің жолын берсін деймін. Өмір жолының бақытын берсін деймін, еңбек жолының абыройын берсін деймін//