#qyzylordatv

Өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған Жаңақорған тұрғыны ұсталды. Бұл жәйт Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі мен Бас прокуратураның бірінші қызметінің бірлескен жұмысы нәтижесінде әшкере болды.

 «Шеп» стационарлық бекетіндегі тексеру барысында қызметтік ит жолаушыдан марихуана салынған ораманы тапқан. Жаңақорған кенті тұрғынының тұрғылықты жерін тінту кезінде 4190 каннабис бұтасы бар плантация мен үйінен фитозертхана табылып отыр. Күдікті тергеліп жатыр.

  ДАНИЯР МЕЙІРХАН — ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

// Тұрғын үй фитозертхана ретінде жабдықталған. Жатын бөлмесінде тағы 14 бұта табылды. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 55 келіден асты. Осы фактілер бойынша 91 келіден астам есірткі заттары, оның ішінде 7 келіге жуық синтетика мен есірткі өндіруге арналған бір тонна прекурсор тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.