#qyzylordatv

Халықаралық отбасы күніне орай Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханада тағылымды шара өтті.

 «Отбасы бірлігі – Жақсылық бастауы» атты шараға Құлахметовтер әулеті қонаққа келді. Жарасымын тапқан жанұяның ақылманы Мырзахмет ақсақал. Кеудесі қазынаға толы қария ұрпақ тәрбиесіне қатысты орамды ойын ортаға салып, жас буынға өнегелі өсиет айтты. Ал оның немересі Ернұр Мырзахмет замандастарын спортпен шұғылдануға шақырды. Ол жақында ғана жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Перу мемлекетінің Лима қаласында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді. Жас спортшы жарыс жолына шыққанда отбасының қолдауы ерекше екенін жеткізді. Кездесу соңында орталықтандырылыған кітапханалар жүйесінің басшысы Гүлмира Рахметова қонақтарға алғыс білдіріп, сый-сияпат көрсетті.

 МЫРЗАХМЕТ ҚҰЛАХМЕТОВ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ /// Балаларымды тәрбиелеу үшін екі адамның дүниесі бірдей болуы керек. Ананың да, әкенің де. Екеуі сен тәрбиелейсің, мен тәрбиелеймін деп бөлмеу керек. Ол үй бөлінген сияқты ғой. Екеуі бір ұғым болуы керек. Бір мақсатта тәрбиелеу керек. Жақсы жағын көріп, болашағын болжап, соған бағыт-бағдар беріп отырсаң, сонда дұрыс отбасы болады.

 ЕРНҰР МЫРЗАХМЕТ – ЖАС СПОРТШЫ /// Жолға шыққан кезде үйдегі отбасының қолдауы бөлек болады. Қолдау болмаса, жарысқа шығуға деген ынтаң болмай қалады ғой. / Келешектегі арманым бір орында қалмай, ересектер арасында ӘЧ орын алу керек. Мақсатым сол. Қазақстанға бір алтын медаль әкелуім керек.