#qyzylordatv
Белгілі спорт журналисі Амангелді Сейітханов атындағы шағын футболдан республикалық турнирдің жеңімпазы атанған «Ақмешіт» командасын облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев арнайы қабылдап, айтулы жеңістерімен құттықтады.
Кездесу барысында басқарма басшысы Сыр өңірі қаламгерлерінің бұл жетістігін аймақ спортын дамытуға қосқан зор үлес екенін атап өтіп, шығармашылық пен спортты қатар алып жүрген журналистердің жігері мен белсенділігіне өз ризашылығын білдірді.
«Қызылордалық «Ақмешіт» командасының бұл жеңісі — тек спорттық жетістік қана емес, Сыр елінің ауызбіршілігі мен ынтымағын танытқан тарихи сәт болды. Еліміздің әр өңірінен жиналған 14 команданың ішінде топ жарып, екі дүркін жеңімпаз атану – қажырлы еңбек пен айқын мақсаттың нәтижесі деп білемін» ,- деді Бақтияр Артаев. Команда мүшелері көрсетілген құрмет пен қолдауға алғысын айтып, бұл жетістік алдағы жарыстарға үлкен шабыт сыйлайтынын жеткізді.