#qyzylordatv
Қармақшыда самбодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Бұл дода – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әділбек Серікбаевты еске алуға арналды.
Әділбек Үргенішбайұлы саналы ғұмырында Сыр өңірінде балуандар мектебін қалыптастыруға бар күшін салды. Ол 100-ден аса шәкірт тәрбиелеп, 30-дан астам халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, Әлем және Азия чемпиондарын шығарды. Оның шәкірттері Мақсат Исағабылов пен Еламан Ерғалиев – «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы атанып, ел мақтанышына айналды. Республикалық деңгейде бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан жарысқа алыс-жақын шет мемлекеттерден де спортшылар қатысты.
БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ – БАС ТӨРЕШІ // Қазір 3 мемлекет: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан және 12 облыстан спортшылар келіп қатысып жатыр. 100-ден астам спортшы келіп жатыр. Мұнда жасөспірімдер арасындағы Азия, Әлем чемпионатының жүлдегерлері, қатысушылары бар. Жоғары дейгейде өтіп жатыр.
Жарыстың жоғары деңгейде өтуі – спорт шебіріне деген зор құрметтің көрінісі. Ал Жанар Серікбаева ағасының еселі еңбегі мен шәкіріттеріне деген жанашырлығын мақтанышпен еске алды.
ЖАНАР СЕРІКБАЕВА – ӘДІЛБЕК СЕРІКБАЕВТЫҢ ҚАРЫНДАСЫ
Ағамыз бүкіл өмірін осы спорт саласына арнады. 10 жасынан бастап қатысты, одан кейін өзіде 100-ден астам шәкірт тәрбиелеп, әлемдік деңгейдегі мықтыларды шығарды. Қазір өздері де осы салада иық тіресіп жүр. Ағамыздың өзі жоқ болса да, осындай деңгейде жарыс ұйымдастырылып жатқан да жоқ деп есептемейміз.
МАХМУД АБДУЛЛОЕВ – ТӘЖІКСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Біз турнирге 3-ші рет келіп отырмыз. Ұйымдастырушыларға рақмет айтамыз, жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Біз 5 спортшы алып келдік, олар жартылай финалға шықты. Алдағы уақытта да турнир жалғасын табады деп ойлаймын.
Жарыс бірнеше күнге жалғасып, үздіктер анықталады. Самбо күресі шеберлерінің басын қосқан турнир – жас спортшыларға үлкен тәжірибе мектебі болмақ.