Тілші: «Жұлдыздар тоғысқанда» немесе «Так сложились звезды». Қазақстан Президентінің өмірі мен қызметіне арналған кезекті кинотуынды осылай аталады. Фильм сюжеті бойынша Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазуды мақсат еткен ағылшын жазушысы Джереми Вильсон Қазақстанға келеді. Мемлекет басшысымен кездесуге мүмкіндік алған ол Елбасына өз сауалдарын қоя отырып, жас мемлекеттің құрылу тарихын баяндайтын тарихи әңгімеге қанық болады.
Бекболат Шекеров – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өкілі
Тілші: Үш бөлімнен тұратын көркем фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың 1984 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалғаннан бастап, 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланғанға дейінгі уақытты қамтиды. Кинотуындыда қиын - қыстау кезеңдегі Елбасының жан дүниесі, оның әралуан тарихи сын-сағаттарда шешім қабылдауы, жан-жақты байыптауы, ішкі және сыртқы тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы қадамдары шебер көрсетілген. Елбасы рөлін елімізге белгілі актер Берік Айтжанов сомдады. Ал, фильм режиссері және сценарий авторы – Ресейдің халық әртісі Сергей Снежкин.
Алдабек Шалбаев – театр және кино актері
Тілші: Жалпы картинаны сомдау жұмысына 10 мыңға жуық адам қатыстырылыпты.Үш сағаттық кинотуындыдан алған әсерлерін Сыр көрермендері былайшы жеткізді:
Гүлсім Нұрланқызы, Талғат Сыдықов