Гүлсім Нұрланқызы – тілші /Біз қазір 66 да 597 әскери бөлімінен 40 шақырым жерде орналасқан оқу-жаттығу полигонына бара жатырмыз. Ол жерге жету үшін негізінде 1,5 сағат уақыт керек. Жалпы полигонда күндізгі және түнгі атыс жұмыстары жүргізіледі./
ТІЛШІ: Міне, оқу-жаттығу даласына да жеттік. Бұл әскерилердің күнделікті өмірі іспетті болғанымен біз үшін бәрі қызық. Мылтық атып , сарбаздарша жер бауырлап еңбектеп көргіміз келіп барады. Бірақ мұнда темірдей тәртіп, қатаң бақылау. Сырт көзге нәзік көрінгенімен кейіпкеріміз Феруза Рысқұлованың да ер мінезді екенін осы жерден байқадық. Қаруын оқтап, атуға дайындалған ол көзді ашып-жұмғанша көздеген нысанаға дәл тигізді.
Феруза Рысқұлова – 66597 әскери бөлімінің қызметкері
ТІЛШІ: Феруза – әскери бөлімдегі ең үздік снайпер ғана емес, ротаның санитар нұсқаушысы. Бөлімдегі елуден аса қызметшінің қан қысымын, денсаулығын қадағалайды. Ал, полигонда тепсе темір үзетін ерлермен бірдей жүгіріп-секіріп, еш қалыспайды.
Гүлсім Нұрланқызы – тілші: Полигонда жұмыс жасау үшін ең алдымен сақтық шараларын жатқа білу керек. Сондай-ақ, өзің қолданатын автоматпен де жақсы таныс болу аса маңызды. Қаруды оңға, солға, артқа себептен-себепсіз сілтеуге болмайды +интершум /автомат ату/
ТІЛШІ: Ептілік, төзімділік, шапшаңдық, дәлдік, батылдық. Әскерилердің бойында мұндай қасиеттер болмаса Отан алдындағы борышын өтей алмас еді. Осындайда Феруза сияқты нәзік жандардың кез-келген қиын жағдайда, тіпті өмірге қауіп төнсе де, жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауға әзірлігін көріп тамсанасың.
Феруза Рысқұлова – 66597 әскери бөлімінің қызметкері
Біржан Омаров – 66597 әскери бөлімінің әуе-десант қызметінің бастығы
ТІЛШІ: Автоматты серік еткен мерген қыз қос батыр Әлия мен Мәншүктің ерлігін бала кезінен үлгі тұтады. Қазір ол әскерилер арасындағы республикалық жарысқа қызу дайындық үстінде.
Гүлсім Нұрланқызы, Нұржан Музарапшин