#qyzylordatv

 Қызылорда облыстық соты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кәмелет жасқа толмаған жәбірленушіні азаптау, жезөкшілікпен айналысуға тарту фактілері бойынша сотталғандарға қатысты шығарылған сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Қоғамда резонанс тудырған қылмыстық іске қатысты қорғау тарапы сотталғандарды жартылай ақтауды және жазаны төмендетуді сұраған болатын. Алайда апеляциялық шағым қанағаттандырылған жоқ.

 Естеріңізге салсақ, сәуір айында 9 азаматқа бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, олардың бесеуі кәмелетке толмағандар болатын. Сот үкімімен кәмелетке толмағандар 4 жыл 8 айдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айырылса, өзге сотталушылар 4 жыл 8 айдан 7 жыл 6 айға дейін уақытын темір торда өткізеді.

ӘДІЛХАДИ ШЫҒАМБАЕВ – ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ СУДЬЯ

// апеляциялық шағымдармен келіп түскен қылмыстық істі қарап, Қылмыстық-процестік кодекстің 431 бабының 1-бөлігін бірінші тармағы 443,444 баптарын басшылыққа алып, сот алқасы қаулы етті. Кәмелетке толмаған сотталғандар, қатысты Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сотының 3 сәуір 2025 жылғы өзгеріссіз сотталғандардың , апеляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын! Қаулы жария етілген кезден бастап күшіне енеді. //