Тілші: Кенжеғара Сүлейменов – Жалағаштың тумасы.  Ат жалын тартқалы, өскен өңірін дамытуға өзіндік үлесін қосып келеді. Мамандығы – агроном. Әу бастан туған ауылды түлетуге ден қою себебі осында болса керек.Бүгінде Жалағаш ауданының құрметті азаматы ауылдық, аудандық мәслихат  депутаты ретінде елге сыйлы.

Кенжеғара Сүлейменов – аудандық мәслихат депутаты

Тілші: Халық қалаулысы ұрпақтарымен мақтанады. Бес балаға білім мен тәрбие беруде отанасының қосқан үлесі зор дейді кейіпкеріміз.  Шаңырақтың шуағы Серікгүл Шаймаханова: «Талай тоқырау кезеңдерінен өтіп, қиыншылықтарға дес бермей өткен ата-аналарымыздың абыройын аласартпауға тырыстық,»- дейді.

СНХ: Серікгүл Шаймаханова – аудан тұрғыны

Тілші: Сүлейменовтер әулетінде өсіп өнген бес бала бес саланың тізгінін ұстап отыр. Қыздар ана арманын орындап ұстаздық қызметті абыроймен атқарып жүрсе, үш ұлдың бірі ауыл әкімі, енді бірі пошта, құқыққорғау салаларында табанды тер төгіп жүр.

СНХ: Темірхан Сүлейменов – «ҚазПошта»АҚ аудандық филиалының директоры

Тілші:  «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген  аталы сөз тегін айтылмаған. Ғұмыр бойы ел алдында еңбегімен абыройлы әкені  ұлдары үлгі тұтса, бүгінде немерелері ата өнегесін жалғауды мұратымыз деп біледі.

А. Қожақова, А. Меңдібаев, М. Жанқуанышев

«Қ-Қ» телеарнасы