Тілші: Көлік логистикасы - экономиканың күретамыры болғандықтан  бұл саланы дамытуға әркез баса көңіл бөлініп келеді. Қайтарымы бар салаға қаржы да үздіксіз құйылып тұрады. Нәтижесі көз алдымызда. Айталық, Кәріқұрлық пен Қытайды жалғайтын халықаралық көлік дәлізінің өңірімізден өтетін бөлігі аяқталды. 812 шақырымды құрайтын жолдың бойында 48 көпір, 14 екі деңгейлі жол - көлік айрығы, 2 темір жол өткелі салынды. Қазіргі уақытта осы жол бойына сервистік нысандар салынуда, 4 нысан жұмыс жасап тұрса, 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті автомобиль жолдарын дамытуға соңғы 3 жылда 29 миллиард теңге қаржы бөлініп, 742 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелері жөндеуден өткізілді. Ал, биыл бұл бағытқа 9  миллиардтан астам қаржы қаралған. Еліміздің экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды салада еселі еңбек етіп жүргендер көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде бас қосты. Автомобиль, теміржол және авиация тасымалымен айналысатын жұмысшылар мен қызметкерлерге салтанатты шарада лайықты құрмет көрсетілді.

Мерекеге Сыр елінің теміржолшылары да толымды табыстармен келді.  Өткен жылы Қызылорда жол бөлімшесі екінші орын алса, алты айлықтың көрсеткішімен көш бастады.

Аманкелді Арысбаев – «Локомотив» АҚ жүк тасымалы Қызылорда бөлімшесі филиалының директоры

Тілші: Қорқыт ата әуежайы халықаралық мәртебе алған. Қазір  жолаушылар терминалын талапқа сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр.

Қырымбек Көшербаев – облыс әкімі

Тілші: Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - жүргізуші, жолшы, ұшқыш, машинист, вагон қараушы және басқа да өзінің өмірін осы саламен байланыстырған жандардың мерейлі мерекесі.

Қырымбек Көшербаев – облыс әкімі

Тілші: Сыр елінің көлік қатынасын өрге сүйреп, тату тірлігі мен берекелі бірлігін арттыруға сүбелі үлес қосып отырған сала қызметкерлері Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен» және «Құрметті автокөлікші», «Үздік автокөлікші», «Құрметті жолшы» номинациялармен марапатталды.

Тілші: Марапат төрінен көрінгендердің қатарында Күлипа Ахметова да бар. Ол 30 жыл көлік жүргізушісі болған. Алғашында совхозда ауыр көліктерді басқарса, одан кейін 25 жыл таксопаркте жүргізуші болды. Мерейлі мерекеде еңбегінің еленгеніне дән риза.

Күлипа Ахметова – сала ардагері

Тілші: Көлік қызметкерлерінің төл мерекесі өнерпаздардың ән шашуымен жалғасты. Тәжімұрат Әлжанов, Алпамыс Әшірбеков