#qyzylordatv
Облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың алғашқы отырысы өтті. Күн тәртібіне 3 мәселе шықты - «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағына инженерлік-инфрақұрылым тарту, инвестжобалар бойынша ұсыныстар мен проблемалар және шағын өнеркәсіптік аймақтардың жайы.
Әуелі Қызылордадағы инвестклимат бойынша ақпарат бере кетейік. Жоба бойынша облысқа биыл 631 млрд 400 млн теңге инвестиция тарту межесі бекітілді. Не істелді? Әрекет нәтижесі қандай дегенге келсек, 5 айдың қорытындысымен өңірге 229 млрд 800 млн теңге тартылып, өсім 27,1 пайызды құрапты. Биыл 302 млрд 500 млн теңгеге 27 жобаның іске қосылуы жоспарланған. Әрбір жобаның қағазда қалмай іске асқаны маңызды, - деді облыс әкімі. Бұл ретте прокурорлық қадағалау да қатар жүреді.
Сонымен қатар Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа жұмыс істейді әрі инвест-офицер жауапты болады. Ол миссия облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дәурен Әбілқайыровқа жүктелді. Әбілқайыров арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын дамыту бойынша баяндама жасады
Әлбетте, инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы экономикалық аймақты барлық cыртқы және ішкі инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету №1-ші міндет.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /Арнайы экономикалық аймақ басқарушы компаниясы «Байқоңыр» корпорациясына қарасты екендігін ескере отырып.../
Өндіріс өздігінен бой көтермейді. Бірлескен әрекет пен қолдауды қажет етеді. Облыста бүгінде жүзеге асып жатқан бірнеше инвестициялық жоба бойынша туындаған проблемалар ортаға салынды. Мәселен, «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің кірпіш зауыты теміржол өткеліне бағдаршам қоюды сұраса, «Орхун Медикал» серіктестігінің медициналық орталығына «бункер» қажет. Бұл мәселелер бойынша аймақ басшысы жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Ал, «Рем Пласт» серіктестігі қағаз,картон шығаратын зауыт салмақ, сол үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде сұрады. Ол мәселе де жуырда шешімін таппақ. Және «Вигор холдинг» серіктестігі қуаттылығы 20 мегаваттық күн электрстанциясын салу үшін Шиелі ауданы аумағынан жер телімін бөлуді сұрады. Бұған қатысты облыс әкімі тиісті министрлікпен келісе отырып, Үкімет қаулысын шығаруға жұмыс жасалатынын айтты. Айта кетейік, арнайы экономикалық аймақтар жұмысы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы үйлестірілмек. Индустриалдық аймақтарға орналасатын жобалар жан-жақты зерттелуі шарт. Неге дейсіз бе? Мойындайықшы, кезінде сондай бірнеше аймақтар салынуын салынып, кейін қаңырап қалғаны өтірік емес. Сондықтан барлық инвестжоба әбден пысықталуы тиіс, - деді облыс әкімі жиынды қорытындылай келе
Штаб қорытындысымен хаттамалық тапсырма әзірленіп, оның орындалуын қамтамасыз ету облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевке жүктелді.