#qyzylordatv

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, суды үнемдейтін цифрлық технологияларды енгізу жайы талқыланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысып, аймақта атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Үкімет отырысынан соң жауапты сала жетекшілерімен арнайы мәжіліс өткізді.

 Дәл қазір облыс халқының 98,6 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Биыл 9 елді мекенге су желісі тартылып жатыр. Жыл соңына дейін бұл жұмыстар аяқталып, тұрғындарды толғандырған түйткіл түбегейлі шешімін таппақ.

МЕДЕТ УСАИН - ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /// биылға бізге 9,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Осы 9 елді мекенді ауызсуға қосуға. Оның 5-еуін топтық су құбырына қосу және 4-не ішкі су жүйелерін салуға қаржы қаралды. / негізгі біздің жоспар бойынша осы жұмыстардың барлығын біз қыркүйек айында аяқтап, халықты сумен қамтуды жоспарлап отырмыз.

 Десе де, Жаңақорған ауданында ауызсуға қатысты мәселелер бар. Атап айтқанда, «Талап-Сырдария» топтық су құбыры арқылы ауызсу тұтынатын ауылдарға тіршілік нәрі сағатпен беріліп отыр. Жауапты сала жетекшісі жыл соңына дейін бұл мәселе шешімін табады деп сендірді. Ал, облыс орталығында ауызсуды аяқсу ретінде пайдалану фактілері тыйылар емес. Осыған байланысты облыс әкімі қала басшысына қатаң тапсырма жүктеді.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ / шынын айтсақ, жаз айларында судың қысымы төмендейді. Қыс мезгіліне қарағанда жаз кезінде пайдалану көрсеткіші 2 есеге дейін асып кетеді. Сол себепті, қатаң шаралар қабылдану керек. Аяқсуға пайдалануды тоқтату керек. Ауызсуды аяқсуға пайдаланудың ешқандай реті жоқ. Судың да сұрауы бар дейді ғой. Ауызсу халыққа өте қажет. Сапалы, қысымы жоғары деңгейде жетуі қажет.

 Сондай-ақ, дәл қазір облыс орталығында қуаттылығы тәулігіне 70 мың текше метрді құрайтын биологиялық тазарту станциясын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Жоба құны 4 млрд 600 млн теңге тұрады. Станция құрылысы жыл соңында аяқталмақ.