#qyzylordatv

Сыр өңірінің мақтанышы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жақын арада кәсіпқой бокстағы рингке қайта шығуы мүмкін. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-парақшасында жазды.

 Еске салсақ, жыл басында Қамшыбектің бокстан кеткені туралы ең алғаш болып ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеген болатын. Ал, күні кеше боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында «Көп ұзамай рингтен көріп қаласыздар», - деп жазды. Естеріңізге салсақ, Қамшыбек Қоңқабаев Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Сондай-ақ, Азия чемпионатында 4 рет күміс жүлдеге ие болған. 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді.