#qyzylordatv

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай облыс орталығында «Есірткісіз болашақ» атты іс-шара өтті. Тәртіп сақшылары адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын түсіндіріп, орталық алаңға жиналған көпшілікті саналы, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Есірткі – адамзаттың қас жауы. Күшейтілген күрес жұмыстарына қарамастан, есірткіге тәуелділер де, оны өсіріп, сатып, мұртын майлап жүргендер де азаймай отыр. Сондықтан полицейлер ата-аналарға балаларын назардан шығармай, жіті қадағалауын ескертеді. Сонда ғана бұл індеттің таралуын тежеуге болады.

СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ – ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Есірткімен күресте тек полиция қызметкерлері ғана емес ел болып бірге күресуге шақырып жатырмыз. Жастардың арасында теріс қимылдардың алдын алу, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Заң мен тәртіп» аясында профилактикалық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырып жатырмыз. Биыл «Қара сора» бойынша 23 есірткі өсіру дерегі анықталып, 570 есірткі анықталып, нәтижелі жұмыстар болып жатыр//

Шара барысында нашақорлықтың зияны туралы жастарға кеңінен түсіндірілді. Және осы тақырыпта қалам тербеп жүрген журналистер марапат төрінен көрінді. Олардың қатарында арнамыздың арнаулы тілшісі Елдос Асан да бар.

ЕЛДОС АСАН – «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АРНАУЛЫ ТІЛШІСІ «102» хабары арқылы аймақтағы қымыстық ахуалды аймақ жұртына тікелей ақпараттандырып тұрамын. Полицейлермен етене жұмыс жасап келемін. Нашақорлыққа қарсы күрес күнінің қарсаңында мәртебеміз артып, байқау арасында жеңімпаз болып жатырмыз. Бұл бірлесе жұмыс атқаруымызға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын//

 НӘЗИРА МҰХАТАЕВА – «АҚМЕШІТ АПТАЛЫҒЫ» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІҚұқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жасап келеміз. Түрлі нашақорлыққа байланысты ақпараттарды газетімізге шығарамыз. Соның арқасында, еңбегіміздің жемісін көріп жатырмыз. Бұл бізге шығармашылық серпін береді//

 Облыстық Полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағы өз шеберліктерін көрсетіп болған соң, іс-шара концертке ұласты.