Жауапсыз жүргізушінің кесірінен қара жолда қаншама қасірет болды. Әсіресе, жүйіткіген көліктердің жаяу жүргінші жолағында адамды қағып кетуі жанымызға батады. Облыста жыл басынан бері көлік жаяу жүргінші жолағынан өтпек болған 42 адамды қағып кеткен. Өкініштісі оның 16-сы қайтыс болып, 26-сы түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды "Қызылорда" телеарнасы.

Қала іші ығы-жығы. Асыққан адам көп. Қаптаған көлік. Зулаған машиналар «зебраның» өзінен өткен адамдарға жол бере берми барады. Құстай ұшқан көліктер адамды қағып кетуге сәл қалды. Мұндай көріністерді көлік нөпірі көп көшелерден көруге болады. Жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушілерді тәртіп сақшылары дереу ұстап, шарасын көрді.

ЖАНДОС ЕСТАЕВ – ҚПБ ЖПҚБ БАСТЫҒЫ

"Басымдық құқығын беретін, яғни жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан азаматтарға жол бермеген жүргізушілерге қатысты 2173 жүргізушіге шара көрілген жыл басынан бері облыс көлемінде. Жыл басынан бері облысымызда 42 азаматты автокөлік қаққан. Яғни оның 16-сы қайғылы жағдаймен аяқталған. 26-сы тұрлі жарақаттар алған."

Тұрғындар жаяу жүргіншілер жолағынан «жанымызды шүбірекке түйіп өтеміз», дейді. Себебі, зулаған көліктерден зәресі ұшып қалған.

"Осыдан екі-үш ай бұрын ба, мен пешеходпен өтіп бара жатқан кезде южныйдың бойында, тағамға қарама-қарсы жер ғой. Сонда мені қағып кетті мені кәдімгідей. Содан бері мен қорқып өтемін. Қанша дегенімен пешеход жасыл жанғанымен жан-жағыма қарап қолмен битіп өтетін болдым. Жүргізушілердің жауапсыздығы ғой осының бәрі."
"Тура аяғыңа келіп тоқтайтын адамдар бар ғой. Қорқамыз. Байқап тұрған шығарсыздар, жүгіріп өтеміз. Жәй өтіп, нормально жүрсеңде іштерінен боқтап, сигнал беріп сүйтіп отырады."
"Жүргізушілердің кінәсі біріншіден арақашықтықты сақтамайды. Бірінің соңында бірі келе жатады. Артынан міңгесіп. Ал, ол бұрынғы правда дистанция деген болатын. Геде-то 7-8 метр болуы керек. Бірінші кінә содан. Сосын пешеходқа келіп тормоз берген кезде екеуі түйіседі де сосын сен кінәлі, мен кінәлі дейді. Бұрындары ит пен мысықты басқанның өзінде правадан айыратын тұғын. Ал, қазіргі заманда білмеймін. Пешеходты басып, тіптен көмек көрсетпей жүргендерде көп. Қашып, құтылып кетемін деп."

Иә, бірінші кезекте жол ережесін сақтауда жүргізуші жауапты. Десе де, бұл ретте жаяу жүргіншігеде артылатын жүк ауыр. Себебі, белгіленбеген жермен жолға қарай беттейтіндер бар. Жолда рұқсат етілмеген жерден кесіп өтудің кесірінен қаншама адамның тағдыры талқан болды.

ЖАНДОС ЕСТАЕВ – ҚПБ ЖПҚБ БАСТЫҒЫ /

"Облыс көлемінде жыл басынан бері 3173 адамға 615 баппен шара көрілген. Яғни белгіленбеген жерді кесіп өткені үшін. // 1.10// Біріншіден жаяу жүргіншілер жаяу жүргіншілер жолағына түсерден бұрын сол жағына қарап автокөліктердің тоқтағанына көз жеткізіп барып, жаяу жүргіншілер жолағымен жүрген дұрыс. Жүгіру ол жерде міндетті емес."

Еліміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі. Сондықтан, полицейлер балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім ошақтарының маңында кезекшілік етеді. Десе де, басты жауапкершілік өзімізге жүктеледі дейді мектеп оқушылары. Бағамдасақ, бұл мәселеде қоғам пікірі екі түрлі. Бірі жүргізуші жауапты екенін алға тартса, ендігісі жаяу жүргіншілер өз өміріне алаңдау керек дейді. Иә, әркімнің өз шындығы бар. Біз бірін қаралап, бірін даралаудан аулақпыз. Тек, жол – қателік кешірмейтінін ескертеміз.