#qyzylordatv

Енді фонограммамен ән айтқан әншілерге 4 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін. Бүгін Сенат мәдениетке қатысты заңды қарады.

 Бұдан былай тек телевизиялық бағдарламаларда жанды дауыспен айтпауға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, ашық аспан астында өтетін концерттерде техникадан ақау шықса, дайын жазбаны қолдануға болады. Талаптың орындалуын жергілікті әкімшіліктер қадағалайды.

БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ \Егер әнші фонограмма пайдаланатын болса, табиғи даусын көрсете алмайтын болса, онда несіне кәсіби әнші болып жүр. Бұл фонограммамен ән айтатын әншілерге қолдау бір жағынан, ал әнші деген атақты киелі сахнаны пайдаланып, табыс тапқысы келген жолдан қосылған әншілерге тыйым салады деп ойлаймын ))