#qyzylordatv
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жас электриктер байқауы өтті. Сайысқа қатысқан жастар өз шеберліктерін көрсету арқылы үздік атануға тырысты.
Гео: ҚЫЗЫЛОРДА
Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы 12 жас қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін сынады. Екі кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы бөлігі - теориялық, ал екіншісі - тәжірибелік тапсырмаларға арналды.
МАРАЛХАН СОВЕТБАЙ - АРНАЙЫ ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ
//Қазіргі таңда біздің колледжімізде 238 студент 4 мамандық бойынша білім алады. Бұл шараның мақсаты – жастар арасындағы кәсіби шеберлігі мықты сұранысқа ие мамандарды дайындау және де осы бүгінгі шарамызға 12 қатысушы қатысып жатыр. Ішінде біздің колледжіміздің бір арнайы пән оқытушысы осы жарысқа қатысып жатыр. Осы шара біздің колледжімізде 3 жыл қатарынан өткізіліп жатыр.//
Жастар электр жүйесіне қатысты түрлі тапсырмаларды орындап, өз шеберліктерін көрсетті.
ІЛИЯС ҚАСЫМХАН – ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕСШІ МАМАНЫ
//Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жастар арасында жас электрик байқауы өтуде. 01:30 Шара барысында жастар түрлі техникалық тапсырмаларды орындап, өз бақтарын сынауда.//
Жарыс нәтижесі бойынша үздік деп танылған қатысушыға 150 мың теңге көлеміндегі сыйақысы табысталса, барлық қатысушыларға алғыс хат пен мен диплом берілді.
АСХАТ ҚҰЛМАНОВ – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ
/Жарыс өз деңгейінде өтті деп ойлаймын. Енді әр жұмыстың өзінің қиындығы бар электромонтаж жұмысы өзі қауіпті, жауапты жұмыс. Енді нәтиже бойынша осы жүлделі 1 орынды алып отырмын. Бұның берер себебі болашақ жас мамандарға үлкен тәжірибе болады деп ойлаймын. Болашақта елімізге елеулі еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосуға үлкен себеп. 01:23 Болашақта осындай электромонтаж, инженер, техник, энергетик студенттерді шығаруға өзімнің білімімді бөлісіп, солардың мықты маман болып шығуына барынша өз үлесімді қосамын.//
Мамандардың айтуынша, мұндай байқаулар жастардың техникалық салаға қызығушылығын арттырып, кәсіби біліктілікті көтеруге мүмкіндік береді.