Сыр елінің телерадиожурналистикасының қазығын қағып, іргесін қалаған бірегей тұлға – Жақсылық Бекқожаевтың есімі көпке мәлім. Ол тележурналистика саласында қажырлы еңбек етіп қана қоймай, бір емес бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген. Жақсылық Асқарұлының азаматтық келбеті мен тұлғалық қасиеті, еселі еңбегі бейнеленген туынды оқырманға жол тартты.

Жақсылық Бекқожаев - Қызылорда телерадиожурналистикасының көшбасшысы. Олай дейтініміз, 1991 жылы 30 сәуірде «Қызылорда» телеарнасының ашылуына ұйытқы болып, алғашқы төрағасы болды. Осындай үлкен салаға жетекшілік жасай жүріп, өзінің шығармашылығын дамытуға да уақыт таба білген қарымды қалам иесінің артында бірнеше еңбегі қалған. Сол шығармаларын кітап етіп шығару талантты қаламгердің екінші арманы болған. Міне, сол арманын араға 20 жылдан аса уақыт салып шәкірті Несібелі Рахмет орындады.

НЕСІБЕЛІ РАХМЕТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ /«Жақсылық Бекқожаев ағайдың негізінде үлкен екі арманы болды. Оның біріншісі облыстық телеарна ашу еді. Ағайдың ол арманы бұдан 32 жыл бұрын орындалды. Яғни, 1991 жылдың 30 сәуірде «Қызылорда» телеарнасы өз жұмысын бастады. Бұл кісінің екінші арманы телевидениеден бөлек, осы кітабын шығару еді. Өкінішке орай, көзінің тірісіндей жиыстырып жүрді, бірақ кітабын шығарып үлгермеді. Сосын сол шәкірті есебінде, ол кісі өмірден өтіп кеткеннен кейін маған арман болды да».

Иә, Сыр елінің біртуар азаматы облыс телевизиясының өсіп-өркендеуіне жол ашты. Оның жазған сценарийлері бойынша түсірілген ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев туралы, атақты шопан әрі ақын Шолпан Оразова жайлы «Қыз бен дала», даңқты механизатор Жадыра Таспамбетова туралы “Махаббат шежіресі” және “Жадыра”, әйгілі өнер ансамбліне арналған “Сыр сұлуы” телефильмдері тек қана өз республикамыз емес, сонымен бірге Өзбекстан, Қарақалпақстан телеарналарында беріліп, көрермендердің ыстық ілтипатына ие болды.

Талантты қаламгердің сыршыл әңгімелері мен новеллалары, өлеңдері мен очерктері, фельетондары республикалық, одақтық, сондай-ақ шетел баспасөзі мен радиосында жарияланып тұрды. Міне осы еңбектер бүгінде «Жүректегі жазулар» деген атаумен жарық көрді.

НЕСІБЕЛІ РАХМЕТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ

«Көптеген жанрда жазған ғой бұл кісі. Омор жанрындағы шығармаларын қостым. Сосын журналистік-публицистік талантын білсін деп, бірнеше очеркін қостым. Сөйтіп 1 кітап кітап қылып, «Жүректегі жазулар» деп қойдым атын. Сосын ағайдың тұлғалық қасиетін кейінгі жастар білсін деп, мынау телевидениенін құрудағы еңбегін білсін деп ағаймен қатар жұмыс жасаған шәкірті болған, замандастарының естеліктерін де кіргіздім».

Әрине, ісіне деген құрметімен, елжандылығымен, даналығымен дараланған Жақсылық Асқарұлының айтылмаған, жазылмаған қыры әлі де көп. Ең бастысы қарымды қаламгердің өлмес мұра туындылары өскелең ұрспаққа жетіп асқақ арманы орындалды.