Өңірдегі зираттар цифрланып, арнайы сайтта мәліметтер базасы жасақталатын болады. Бұл өз кезегінде мәйітке арналған жер телімдерін беру, қызметтердің құнын төлеу сондай-ақ жоғалып кеткен адамдарды іздеуге мүмкіндік береді дейді мамандар.

Яғни, қаза болған кісінің қайда, қашан жерленгені, туған уақыты сынды мәліметтері zherleu.kz сайтында сақталып отырады. Бұл бастама 2022 Астанада жолға қойылған. Содан бері Тараз, Шымкент және Түркістан өңірлерінде жүзеге асырылып, енді Сыр өңіріндегі зираттарды қамтымақшы. Алғашында облыс орталығына жақын мазарларды цифрландыру жоспарланып отыр. Осыған орай облыстың имамдары бас қосып, арнайы мамандардан дәріс тыңдады.

МЕЙРАМБЕК ҚАБЫЛБЕКҰЛЫ – «QAMQOR-SHARAPAT» САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

«Негізі бұл егов сияқты бір бағдарлама. Кез келген адам қайтыс болған ата-бабаларын таппай қалып жатады. Күнде бара бермейді ғой зиратқа. Таппай қалған жағдайда аты-жөнін немесе ИИН-нін жазса қай жерде жатқанын көрсетіп береді. Бұрын жерленіп кеткендердің барлығын аэросьемка арқылы құзырлы органдардың рұқсатымен аэросьемка жасаланып бүкіл зираттарға, ал біздің осы қол күшімен, адамдардың көмегімен осы мешіттердің мамандары бар, басқа да еріктілер арқылы зираттарды суретке түсіріп, аэросьемка арқылы базаға енгіземіз».

ЕРКІН ТОЙЖАНОВ – «ШАРАПАТ DIGITAL» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

«Статистика, есеп-қисап қай жерде кім жатқанын барлық ақпарат болу үшін. Одан бөлек мысалы бір елдімекеннен, солтүстіктен оңтүстікке барып, сонда туысы жатса осы платформа арқылы 2гис сияқты аты жөнін терсе тура қай жерде жатқаны, точкасын тауып тура басына апарады. Кейде біреуді жоғалтқанда моргтан, МВД-дан, әкімшіліктен справка алынады. Міне сол справкілер де сол жүктемеде дайын тұрады».