#qyzylordatv
Мұнан соң мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сырдарияның сол жағалауынан бой көтерген су жаңа стадионға аялдады. Он бір мың көрерменге арналған спорттық нысан тәуелсіз ел тарихында ашылған үшінші стадион.
Аталмыш кешеннің жалпы аумағы 20 мың шаршы метр. Яғни, мұнда тек футбол алаңы ғана емес, олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бокс, күрес, фитнес, спорттық гимнастика және ауыр атлетика залдары қарастырылған. Мұнда мүгедектігі бар спортшылардың жаттығуына да қолайлы жағдай жасалған. Жалпы, стадион УЕФА-ның төртінші санатына сәйкес келеді. Нысан мүмкіндігімен жіті танысқан президент «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен де жүздесіп, футбол добына қолтаңба қойды.