#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы

Биыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы». Осыған орай елімізде еңбек адамының мәртебесін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, болашақ мамандардың еңбекке деген ынтасын жоғарылатып, кәсіби біліктілігін арттыруға басымдық берілуде. Қазалы аграрлық-техникалық колледжінің білім алушылары аудандағы ірі кәсіпорын – «РЗА Асыл түлік» жауапкершілігі серіктестігінде тәжірибеден өтуде. Өндірісте жүріп шыңдалып, нағыз еңбекке араласқан болашақ мамандардың жұмысымен тілшіміз танысып қайтты.

«Медицина адамды, ветеринария – адамзатты емдейді». Жауапты мамандықты таңдаған болашақ маманның бірі – 17 жастағы Бекнұр Лескен. Бала кезінен төрт түлікке күтім жасап үйренген Бекнұр үшін ірі қара малдың жай-күйін біліп, саулығын тексеру, тіпті вакцина салу да қиындық тудырмады. Бүгінде ол малдың жағдайын сыртынан-ақ сынап, саулығы сыр берген түлікті бірден аңғарады.

БЕКНҰР ЛЕСКЕН – СТУДЕНТ

//Мен мына жақта практика есебінде жүрмін. Келгенімізге бір айдай болды. Біз бұл жақта малдарды шаншуды, малдарды зерттеуді тағы да басқа дүниелерді үйреніп жатырмыз. Биыл бірінші рет вакцинация салып тұмыз Асау малдар өте қиын. Аусылға байланысты 2 грамнан шаныштық. Бұл мамандықта үйренгенімді үйде қолданып көрдім. Үйдегі лағымның аяғы сынып, соны гипстап, жазғам. Үш айдай жүрген, содан кейін гипсын алған кезде жазылған.

1954 жылы құрылған Қазалы аграрлық-техникалық колледжінде 20 мамандық бойынша 309 студент білім алады. Олардың арасында автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, тамақтандыруды ұйымдастыру, есептеу техникасы, дәнекереуші, ІТ мамандары даярланады. Соның ішінде ветеринарияны меңгеріп жатқан жас мамандар кәсіпорында тәжірибе жинақтап, төрт түліктің жай-күйін тап басып танитын маманға айналуда.

ҚАРШЫҒА АРЗАҚЫНОВ – ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

//Сонымен бірге бізде мақсатты даярлық деген бар.Ол кәсіпорындардан түсетін сұраныс негізінде студенттерді оқытып береміз. Былтырғы оқу жылында 18 балаға сұраныс түсетін болса, биылғы оқу жылында 25 балаға сұраныс түсіп отыр. Кәсіпорындармен келісімшартқа отырып, сол студенттерді оқытып, үйретіп, кейін бітіргеннен кейін жұмысқа сол мекемлерге барады. Дуальды оқытуға байланысты Қазалы ауданындағы 30 мекемемен келісімшартқа, меморандумға отырғанбыз. Практика уақытысында сол мкемелерге барып, практикадан өтеді. Бағыты 40 та, 60. 40 пайызы іште өтетін болса, 60 пайызы мекемеде практикадан өтеді.//

Кәсіпорында 2000 басқа жуық сүтті бағыттағы Гальштино-Фриз ірі қара малы өсірілуде. Асыл тұқымды болғандықтан, түлікке күтім жасаудың жөні бөлек. Мамандар сиырлардың саулығын күнделікті қадағалап, арнайы дайындалған жем-шөп береді.

ДӘУЛЕТ СӘБИТОВ – БАС ВЕТЕРИНАР

//Қазіргі таңда біздер сүтті бағыттағы Гальштейн Фриз сиырларымен айналысамыз. Бүгінгі таңдағы Қазалы аграрлық колледжінің студенттеріне өзінің алған теориялық білімін тәжірибеде шыңдау барысында біз көптеген білімін шыңдап, әртүрлі жан-жақты емдеу процестерін немес осы сиырлармен ан жануарламен қалай айналысу керек екенін үйретіп жатырмз. Колледжден келген студенттер қазір емдеу іс шараларынауруды қалай анықтау керек,немесе аурумен қалай күресу керекаурулардың қалай алдын алу керек осы мақсаттар бойынша біздер бүгінгі таңда оларға практикалық бағыт бағдар беріп, оларға көптеген нәрселер үйретіп жатырмыз.//

«Малды бақсаң, сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан». Шынында төрт түлікті өсірген жанның берекесі артып, несібесі молая түседі. Нағыз еңбек алаңында тәжірибе жас мамандарға осыны ұқтырып отыр.