#qyzylordatv

 Қасым-Жомарт Тоқаев облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметімен де танысты.

 Биыл жазда бой көтерген музейде 12 тақырыптық зал жабдықталған. Президент өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен танысып, археология, этнография, Қазақстанның бұрынғы және қазіргі тыныс-тіршілігінен хабар беретін залдарды аралап көрді. Экспозицияны жан-жақты сезіну үшін музейде жасанды интеллект жүйесі, панорамалық және диорамалық инсталляциялар, интерактивті LED экрандар жұмыс істейді. Қазір музей қорында 70 мыңға жуық жәдігер сақтаулы.

 САПАР КӨЗЕЙБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ //Облыстық тарихи-өлкетану музейі 2024 жылы мамыр айында құрылысы басталып, 2025 жылдың маусым айында құрылысы және экспозициясы толықтай аяқталып, өз жұмысымызды бастап кеттік. 12 залымыз бар. Арнайы музей қорында сақтаулы 70 мың құнды жәдігеріміз сақтаулы. Оған 1000 шаршы метрге лайықтандырылған орынымыз бар...//

 Мұнан кейін, мемлекет басшысы үстел теннисі орталығына барды. Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында аяқталды. Сондай-ақ «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 миллион теңге қаржы бөлді. Заманауи үлгіде салынған орталықта 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар. Мұнда 52 қызметкер жұмыс істейді. Бүгінде орталықта 280 бала үстел теннисімен тұрақты түрде шұғылданады.