#qyzylordatv

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды. Нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешен биыл қазан айында іске қосылды.

Жобаның жалпы құны 5,6 миллиард теңге. Өндіріс толығымен автоматтандырылған. Өнімдердің 30 пайызға жуығы кәсіпорынның жеке сауда желілері арқылы сатылады, ал 70 пайызы қала аумағындағы және маңындағы дүкендерге жеткізіледі.