#qyzylordatv
Қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Атаулы датаға орай облыс орталығында салтанатты іс-шара өтті. Жиында мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қаморлық пен қолдау көрсетіп жүрген сала мамандары марапатталды.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі елімізде 2011 жылдан бері ресми түрде аталып өтеді. Сала мамандары ардагерлер мен көпбалалы аналарға, мүгедектігі бар азаматтарға отызға жуық мемлекеттік және арнаулы қызмет түрлерін көрсетеді.
КЕНЖЕГҮЛ ҚҰРАҚБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ \Халыққа қызмет көрсету біздің басты міндетіміз. Жұмыстың ауыртпалығы да қызығыда қиыншылығыда қатар жүреді. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қызмет көрсетеміз. Биыл енді жқмысшы мамандықтар жылы деп жатырғой. Бірінші кезекте мынау мамандарға, қарапайым жұмысшыларға өздерінің еңбектерін бағалап, марапаттаймыз \
Қала мен аудандардағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыз азаматтарға кәсіпкерлік курсын оқытып, қайтарымсыз грант алуына, бизнеске бет бұруына мүмкіндік береді. Ал, «Отбасын қолдау» орталығының мамандары келушілерге құқықтық, психологиялық көмек көрсетеді.
Мерекелік жиында халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына үлес қосып жүрген қызметкерлер қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Шара барысында таңның атысы, күннің батысы тынбастан тазалық жұмыстарымен айналысатын нағыз еңбек адамдарына да құрмет көрсетілді.
Салтанатты кеште зейнеткерлерге арналған жартылай стационарлық жағдайдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары мен мүгедектігі бар азаматтар өнер көрсетті.