#qyzylordatv
Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Бұл нысан биыл мамыр айында пайдалануға берілген болатын.
Мемлекет басшысына академия қызметі өңір жастарының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталғаны жөнінде баяндалды. Кешенде бассейн, спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, шығармашылық студиялар мен зертханалар бар. Айта кету керек, аймақта 2022 жылдан бастап қосымша білім беру жүйесін дамыту аясында Жаңақорған, Жалағаш және Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен шығармашылық мектептері бой көтерді. Ал, өткен жылы Қызылорда қаласында заманауи Оқушылар сарайы ашылды. Мұдан бөлек, кәсіптік білім беру және жұмысшы мамандықтары бойынша құзыреттілік орталығының құрылысы басталды. Қазіргі күні Президент саябағында балалар сауықтыру лагері мен қысқы бақ салынып жатыр.