#qyzylordatv
Сыр өңірінің өнерпаздары Еуропа жұртшылығына қазақ мәдениетін дәріптеуді дәстүрге айналдырып келеді. Қызылордалық өнерпаздар бұл жолы Швейцария мемлекетінде гастрольдік сапарда болып, талғампаз көрерменнің қошеметіне бөленіп қайтты. Кәрі құрлық төрінде абырой биігінен көрінген мәдениет майталмандарын әріптестері әуежайдан зор құрметпен күтіп алды.
Сыр өнерпаздары әуелі Швейцарияның Женева қаласында концерттік бағдарламаларын ұсынып, республика күнін тағылыммен тойлады. Әлем астанасы атанған шаһардағы шараны шетелдік елшіліктердің басшылары мен жергілікті тұрғындар және сол елдегі қазақстандық студенттер тамашалаған. Ал, Швейцариядағы қорытынды кеш Берн қаласында ұйымдастырылып, қызылордалық өнерпаздар мыңжылдық мәдениеттің жауһарын ұсынды. Айта кетейік, жерлестеріміз осыған дейін Испания, Финляндия және Эстония мемлекеттерінде гастрольдік сапарда болып, Еуропа жұртының қошеметіне бөленіп қайтқан еді.