#qyzylordatv
Архелогияда лиценция алу қиындайды. Енді бір рет құжат алып, өмір бойы қазба жүргізуге жол берілмейді. Құнды жәдігерлерімізді қара нарықта сатып, пайда табатындармен күрес күшеймек. Бүгін Мәжілесте археологиялық қызметті реттеуге бағытталған заң жобасы қаралды.
Бір лицензиямен – барлығына рұқсат. Енді архелогия саласында мұндай олқылыққа жол берілмейді. Жаңа заң жобасы құжат беру тәртібін түбегейлі өзгертпек.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Енді екі бөлек лицензия болады – археологияға бөлек лицензия, реставрацияға бөлек.Лицензияның нақты мерзімі болады – 5 жыл. Әр лицензия үшін арнайы біліктілік талаптары енгізіледі. Егер заң талаптарын бұзса, олардың лицензиясын 6 айға дейін тоқтату немесе тіпті қайтарып алу туралы нормасын да енгіздік. //