Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен 2 баланың жансыз денесі табылды. Жантүршігерлік оқиға кеше кешкісін орын алған. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов хабарлады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, өлімнің себебін анықтау үшін балалардың мәйіті сараптамаға жіберілген. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Айта кетейік, балалардың анасы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейін білім беретін сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істеген.

МҰРАТ ҚАБДЕНОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ //7-ші ақпанда Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен 2 жас баланың денесі табылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен жайыжайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл іс менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауын сұраймын. Жалған ақпарат таратқанға жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін және азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенуге шақырамын.//