Жаңа жыл – көпшілік асыға күтетін мереке. Жыл түйінделер тұста қала безендіріліп, жаңа кейіпке енеді. Биыл аймақтың бас шыршасы қалалық әкімдіктің алдына құрылды. Қазір тұрғындар естелік суретке түсіп, мерекелік атмосфераны сезініп жатыр...

 Жаңа жылға дайындық осыдан екі ай бұрын басталды. Безендіруге былтырғы жарық шамдары мен өзге де ойыншықтардың бір бөлігі пайдаланылған. 20 жылдан бері осы салада жұмыс істейтін Қанат Нұртаев әр жыл сайын безендіруге ерекше екпін берілетінін айтады.

Ал аймақтағы бас шыршаның биіктігі - 23, енді - 10 метр. Оны безендіруге жарық шамдарынан бөлек, 2500-мың жуық ойыншық қолданылған. Жасыл шырша ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен көмекерілген. Бұдан бөлек, Жақаев көшесінің бойынша 80-ге жуық архитектуралық мүсіндер орнатылған.

Жасыл шырша жанында естелік суретке түсіп жатқан жұртшылықтың қарасы қалың. Мерекелік көңіл-күйді аңғару қиын емес.