«Түндік басты ақ жылан, айыр тілді сақ жылан». Әне-міне дегенше жылан жылы да төрімізге енгелі тұр. Ал,біздің келесі бейнематериалымыз қызылордалық Жаңабай Сақтағанұлы туралы болмақ. Ерекшелігі сол, жас жігіт кәдімгі жыланды сенімді серігіне айналдырған. Сириус атты тіршілік иесін балаша баптайды, еркелетеді, тіпті екеуі бірге қыдырады. Кейіпкеріміз айыр тілді досына қарап-ақ Жылан жылының жайлы болатынына сенеді.

 Жылан - ақыл-парасаттың, сақтықтың және терең ойдың символы. Ал, ата-бабаларымыз үйге кірген жыланның басына ақ құйып, оған зиянын тигізбей шығарып салуға тырысқан. Жаңабай Сақтағанұлы да алғашында Сириусқа сақтықпен қарағанын жасырмайды. Қазір бір-біріне үйренгені соншалық, түрлі шоуда бірге өнер көрсетіп жүр. Жыланды осыдан бір жыл бұрын Шымкенттен әкеліпті.

ШАКИЗАТ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ – ТІЛШІ

Шыны керек жылан өте сұсты тіршілік иесі. Мұны ұстамақ түгілі, көп адамның жақындауға жүрегі дауалай бермейді. Менің де қатты қорқатыным рас. Десе де қазір фобиямды жеңіп, келе жатқан жыл иесімен жақыннан танысып көрмекпін. Расымен бұл жылан қауіпті көрінгенімен, дәл қазір еш зияны жоқ сияқты. Тіпті, менің қандай көңіл-күйде тұрғанымды сезетіндей

 ЖАҢАБАЙ САҚТАҒАНҰЛЫ - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Өзімнің досым секілді, императорский кудок, адамдарды өте қатты жақсы көреді, интернеттен іздесіңіздерде, басқа жерлерденде, бұл жыландардың ішіндегі ең қауіпті емес, үйге ұстауға болатын жыландардың түрі. Кейде тұйық, кейде активный ойнайды, әр кезде әр қалай адам мінезі қандай құбылмалы болса, бұныңда мінезі сондай. Көп ашыла қоймайды, адамға үйренісу үшін біраз уақыт зерттейді, көреді,біледі,сосын барып ашылады.

Жаңабай Сақтағанұлы Сириустың көңіл-күйінің жақсы болуына аса мән береді. Он күнде бір қоректендіріп, суға шомылдырады екен.

 ЖАҢАБАЙ САҚТАҒАНҰЛЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Тамақтарына Хомяк жатады, тышқан жатады, балапандар жатады, размеріне қарай бөліп береміз. Тамақ бергеннен кейін үш-төрт күнге дейін қозғамаймыз, өйткені тамақты қорытуы керек. Бұл енді біздің жерде мекендемейтін болғансоң, бөтен жерге келгенсоң, өзінің өмір сүру салтына сай жағдай жасау керек, тамағын беріп, жылуын беріп, өзінің ультрафиолетовый күлгін сәулелерін қосып деген секілді 02.47 Кәдімгі ванна қабылдаймыз бұғанда, жалпы жылан қосмекенді болып судада жүре береді, құрлықтада жүре береді, бірақ суды өте қатты жақсы көреді, ойнап,жүзіп жүреді.

Сириус мерекелік кештерге, көпшілік ортаға үйренген. Қатты қысып ұстамаса, адамға қарсы атыла қоймайды. Тек кейде иесіне еркелеп, ренжіп қалатын әдеті бар екен.

ЖАҢАБАЙ САҚТАҒАНҰЛЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Ренжіп қалса тамақ ішпей қояды біріншіден, екіншіден мүлдем қарамай қояды, бір орында тұрып қалады. Сириустың ерекшелігі өте жайлы, агрессия дегенді білмейді, менің жағдайымда атака деген болған жоқ. Түрі сұсты болғанымен,жүрегі өте жылы өзім секілді. Жақын арада Сириустың қасына бір дос әкелеміз.

 Кейіпкеріміздің айтуынша, жылан өздігінен қауіп төндірмейді, тек адамдарды ойланып әрекет етуге шақырады. Ал, Жылан жылы өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктерге дайын болуды меңзейді.